Қарағанды қаласының бұрын сотты болған тұрғыны 2 кг-ға жуық героинмен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды қаласының бұрын сотты болған тұрғыны 2 кг-ға жуық героинмен ұсталды

Қарағанды қаласының бұрын сотты болған тұрғыны 2 кг-ға жуық героинмен ұсталды

Қарағанды қаласының бұрын сотты болған 32 жастағы тұрғыны 2 кг-ға жуық героинмен ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД.

  • 17 Маусым 2011
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Қарағанды облыстық ІІД ЕБКБ қызметкерлері 16 маусымда Қарағанды қаласының 32 жасар тұрғынының пәтерінде тінту жүргізді. Жатын бөлмесінде кереуеттің қасындағы заттардың астынан сұр-сары түсті зат салынған екі орама табылды. Сол жерде осындай зат салынған полимер таспаның бөліктері жатқан. Сараптаманың қорытындысы бойынша, тәркіленген зат салмағы 1 кг 833,29 гр «героин» болып шықты», — делінген ІІД-нің баспасөз қызметі жұма күні таратқан ақпаратта.

Полицияның мәліметтеріне сәйкес, ұсталған азамат бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған.

«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалдыү Азамат уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеуі жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар