Қарағанды шахтасындағы ереуіл: 200 адам кенжардан шықпай қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды шахтасындағы ереуіл: 200 адам кенжардан шықпай қойды

Қарағанды шахтасындағы ереуіл: 200 адам кенжардан шықпай қойды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының төрт шахтасында кеншілер дүйсенбі күні ереуіл бастады, алайда әзірге ешқандай талап айтпаған

  • 11 Желтоқсан 2017
  • 209
Фото - Caravan.kz

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 200 кеншісі жұмыстан кейін жер бетіне шықпай, кенжарда қалып қойды, деп хабарлайды Sputnik компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төрт шахтаның түнгі ауысымындағы 200-ге жуық адам жұмыс уақыты бітсе де, шахтадан көтерілген жоқ. Бұл наразылық акциясы санкцияланбаған, өйткені кеншілер шахта басшылығына да, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігіне де ешқандай ресми талаптар қойған жоқ", — делінген компания мәлімдемесінде.

"Қорғау" көміршілер кәсіподағы тарапынан да ешқандай өтініш болмаған, деп атап өтті компания.


Қалған шахталар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Қазір келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесін кейінірек береміз", — деп хабарлады "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы Марат Мірғаязов Sputnik Қазақстан агенттігіне.   

Оқиға Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында.

Соңғы жаңалықтар