Қарағанды шахтасындағы өрт: 178 кенші эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды шахтасындағы өрт: 178 кенші эвакуацияланды

Қарағанды шахтасындағы өрт: 178 кенші эвакуацияланды

10 желтоқсанға қараған түні Қарағандыда Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай болды. Көмір жанып, соңы өртке ұласқан, деп хабарлайды Baq

  • 10 Желтоқсан 2016
  • 697
Фото - Caravan.kz

10 желтоқсанға қараған түні Қарағандыда Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай болды. Көмір жанып, соңы өртке ұласқан, деп хабарлайды Baq.kz.

Апат кезінде жер астында 178 адам болған. Олар құтқарушылар келгенше шахтадан шығып үлгерді.

Апат орнынан шыққан барлық қызметкер медеициналық тексерістен өтті. Дәрігерлер кеншілердің жағдайы қанағаттанарлық деп отыр, улану белгілері анықталмаған, деп мәлімдеді «АрселорМиттал Темірау» АҚ баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, кейін көмірдің тұтану себебі анықталады.


Әдетте көмірдің өздігінен жануына кен орнының геологиялық ерекшеліктері әсер етеді.