Қарағанды: шарасы таусылған жедел жәрдем қызметкерлері наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды: шарасы таусылған жедел жәрдем қызметкерлері наразылық білдірді

Қарағанды: шарасы таусылған жедел жәрдем қызметкерлері наразылық білдірді

Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерлері наразылық білдірді. Халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуі тиіс олар бар болғаны қарапайым еңбек тәртібін жақсартуды талап етіп отыр. Басшыларының құрғақ уәдесінен әбден мезі болған дәрігерлер Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың жеке блогынашағымдарын жолдады.

  • 6 Шiлде 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz

Науқастарға шұғыл көмек көрсетуге міндетті жедел жәрдем қызметкерлері еңбек дауының туындауына қазіргі басшыларын айыптап отыр. «Басшылықтың сөзі мен құрғақ уәдесі көп,  бірде-бірі орындалған емес» -дейді. Елдің жарасын жазуға тырысатын дәрігерлеренді өздерінің жанына батқан жағдайды жасырмай Денсаулық сақтау министрлігіне жайып салды.  

Министрлікке шағым айтушылар енді «қудалауға түсеміз бе?»деп те үрейленіп отыр. Арыз Есілдің сол жағалауындағы еңселі кеңсеге жеткен соң ғана жергілікті атқамінерлер қозғала бастапты. Олар домалақ арызға қол қойғандарды шұғыл жинап, бүгін жабық есік жағдайында жиын өткізді.

Ал шағымға қол қойып, кабинетте қамалып отырған әріптестерін қолдауға келген дәрігерлер адам төзгісіз жағдайда еңбек етіп жатқандықтарын растады. Айтуларынша, еңбекақы аз және оның өзі дұрыс есептелмейді. Бригадалар саны қысқарып, жүктеме екі еселеніпті. Соның салдарынан науқастарға көрсетілетін қызмет сапасы да күрт нашарлап кеткен.

Ирина Пескунова, қалалық жедел жәрдем қызметінің фельдшері:

Егер біз сырқаттарға дұрыс ем-дом жасамасақ,сотқа сүйрейді. Болмаса,  ірі көлемде ақшалай айыппұл салады.
Шұғыл көмек көрсетуге  түк жағдай жасалмаған, қайдан сапа болады?!

Татьяна Кудашкина, қалалық жедел жәрдем қызметінің  дәрігері:

— Жұмысқа киетін арнайы халаттарымыз да бірнеше жыл бойы жаңаланған жоқ, әбден тозығы жетіп, түрлі-түсті болып жүрміз.

Дәрігерлермен бірге бүгін  жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері де мұңдарын жайып салды. «Көліктеріміз көне, терезелері шатынап, бөлшектері шашылып қалудың аз-ақ алдында» — дейді.

Евгений  Раздымахов, көлік жүргізушісі:

 Көлікке құятын май да бермейді. Өз ақшамызға сатып алуға мәжбүрміз. Тәулік бойы жүргендіктен техниканың  бәрі тозды. Сосын шақыртуға уақытында бармасақ,біз кінәлі боламыз.

Еліміздің бас дәрігері Салидат Қайырбековаға мұңын шағып, арызға қол қойған дәрігерлер жабық есік жағдайында өткен жиналыстан екі сағаттан соң бір-ақ шықты. Облыстағы денсаулық сақтау саласының шенеуніктері 10 тәуліктің ішінде жазылған шағымға қатысты «қызметтік тексеру жүргіземіз»депті.

Соңғы жаңалықтар