Қарағанды соты қаланың бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты тұтқындауға санкция берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды соты қаланың бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты тұтқындауға санкция берді

Қарағанды соты қаланың бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты тұтқындауға санкция берді

Қарағандының Қазыбек би аудандық №1 соты жұма күні қаланың бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты екі айға қамауға санкция берді.

  • 3 Қазан 2014
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Тергеу органдарының айыпталушы М.Смағұлов қылмыстық іс куәлеріне қысым көрсетіп, тергеуге кедергі келтіру мүмкін деген болжамы негізсіз емес. Сондықтан сот оны қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Қылмыстық істің жан-жақты әрі әділ тексерілуі үшін айыпталушы тергеу изоляторында отыруы тиіс», — деді судья Еркеш Мәукен.

М.Смағұлов АК 159/1 тергеу изоляторында отыр.

Экс-әкім қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен қазанның бірінде ұсталған болатын.

Маусым айында өз еркімен қызметтен кеткен М.Смағұловтың үстінен бір айдан соң қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілердің мәліметінше, 2013 жылы ол несиеге берілетін мемлекеттік үйлердің салушы мердігер «ЮТЭКС» ЖШС директорына компания есебінен өзінің Қарағандыдағы үйін жөндеуді тапсырған. ЖШС М.Смағұловтың үшін 5 млн теңгеге жөндеген көрінеді.