Қарағанды соты «Валют-Транзит банк» АҚ тарату комиссиясының бұрынғы төрағасын ақтап шықты
Қызмет бабын асыра пайдаланды, селқостық пен заңсыз кәсіпкерлік қызметін атқарды деп айыпталған «Валют-Транзит банк» АҚ тарату комиссиясының бұрынғы төрағасы Жәмила Омархановаға қатысты ақтау үкімі шығарылды. Бұл туралы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық соттан хабарланды. |
«Ж. Омарханова толығымен кінәсіз деп танылды. Ақтау үкімі шығарылды, Омарханова сот залында босатылды», - деп хабарланды Қазыбек би ауданының сотынан.
Прокуратура заңсыз кәсіпкерлікпен шұғылданды деген айыптаудан бас тартты. Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы тарату комиссиясының бұрынғы төрағасын 8 жылға соттауды сұраған болатын.
Алайда сот келтірілген шығынның айғақтарын жеткілікті деп есептеген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін