Қарағанды соты «Валют-Транзит банк» АҚ тарату комиссиясының бұрынғы төрағасын ақтап шықты

«Ж. Омарханова толығымен кінәсіз деп танылды. Ақтау үкімі шығарылды, Омарханова сот залында босатылды», - деп хабарланды Қазыбек би ауданының сотынан.

Прокуратура заңсыз кәсіпкерлікпен шұғылданды деген айыптаудан бас тартты. Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы тарату комиссиясының бұрынғы төрағасын 8 жылға соттауды сұраған болатын.
Алайда сот келтірілген шығынның айғақтарын жеткілікті деп есептеген жоқ.