Қарағанды студенттері республика бойынша бір мезгілде орындалатын Құрманғазының «Сарыарқа» күйін шертуге қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды студенттері республика бойынша бір мезгілде орындалатын Құрманғазының «Сарыарқа» күйін шертуге қатысады

Қарағанды студенттері республика бойынша бір мезгілде орындалатын Құрманғазының «Сарыарқа» күйін шертуге қатысады

Қарағандыдағы ЖОО-лардың студенттері қазақтың атақты композиторы Құрманғазының «Сарыарқа» күйін республика бойынша бір мезгілде орындау мәдени іс-шарасына қатысады.

  • 16 Ақпан 2011
  • 557
Фото - Caravan.kz

Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, акцияға ЖОО оқытушылары мен студенттерін қоса алғанда, барлығы 450 адам атсалысады. Қ.Байжанов атындағы облыстық концерттік бірлестіктің әртістері де студенттерге қосылып, күйді бір мезгілде шертеді.

«Бүгін түскі сағат 12.00-де еліміздің барлық жоғары оқу орындарында Құрманғазының «Сарыарқа» күйі бір мезгілде шертіледі. Бұл іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған», — деп атап өтті Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің баспасөз қызметі.

Республикалық акцияға ҚР Білім және ғылым министрлігі мұрындық болып отыр.


Перейти к новостям спорта