"Сәтбаев атындағы каналға бюджеттен көмек көрсетіледі. Бұл бірнеше күннің мәселесі", - деді Е. Исекешев. Оның айтуынша, бұл қадам арқылы облыс басшылығы дағдарысты жағдайда көмек қолын созып отыр. Олай болмаған жағдайда, қарыз қайтарылмаса, канал суды Қарағанды мен Астанаға жіберуді тоқтатады. Биылғы жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша "Қарағанды Су" ЖШС Сәтбаев атындағы канал республикалық мемлекеттік кәсіпорыны алдындағы қарызы 541,8 млн теңгені құрайды.