Қарағанды табиғат қорғау прокуратурасы Ақтау кентінде тамызда болған жаппай мал қырылу дерегіне қатысты тексеруді аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды табиғат қорғау прокуратурасы Ақтау кентінде тамызда болған жаппай мал қырылу дерегіне қатысты тексеруді аяқтады

Қарағанды табиғат қорғау прокуратурасы Ақтау кентінде тамызда болған жаппай мал қырылу дерегіне қатысты тексеруді аяқтады

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды табиғат қорғау прокуратурасы Нұра - Сарысу экологиялық департаментнің, облыстық санитарлық эпидемиологиялық басқармасының және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Қарағанды облыстық ветеринарлық инспекциясының мамандарын тарта отырып, Ақтау кентінде 11 тамызда жылы болған жаппай мал өлімі дерегіне тексеріс өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

  • 28 Қазан 2008
  • 707
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «тексеріс нәтижесінде «Интеррин» ЖШС — Ғылыми-өндірістік кәсіпорны тарапынан экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық заңдардың өрескел бұзылғандығы анықталды».

Атап айтқанда, «Интеррин» ЖШС ҒӨК Ақтау өндірістік бөлімшесі жұмыстарын қоршаған ортаға эмиссия (ластағыш заттарды тастау) шығаруға рұқсат алмай атқарған, бұл Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 69-бабын өрескел бұзу болып табылады.

Сонымен қатар, «Интеррин» ЖШС-де жарылғыш заттарды сынау полигонын қолдануға алынатын мемлекеттік сараптау қорытындысыз жұмыс жасаған. Ал, Экологиялық Кодекстің 198-бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы жоқ жобаларды қолдануға немесе қаржыландыруға тиым салынған.

Көрсетілгеннен басқа «Интеррин» ЖШС тарапынан санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарының бұзылған.

Атап айтқанда, 2008 жылғы 12 тамызда жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптау қорытындысы «Интеррин» ЖШС сынау полигонынан алынған су және топырақ құрамындағы химиялық заттар — аммиактың нормадан 36 есе, нитраттың нормадан 10 есеге асатындығын көрсеткен.

Бұдан басқа, экологиялық талаптарға қайшы түрде, жарылғыш заттарды сынау полигонының алаңының қоршауы бұзылған, қақпасы ашық болып, оған адам және мал кедергісіз кіретін болған.

Көрсетілген заң бұзушылықтар малдың жаппай өліміне әкеліп соқтырған.

Ветеринарлык инпекцияның хаттамасында көрсетілгендей, өлген малдарды биохимиялық және химиялық-токсикологиялық зерттеу барысында, олардын өлекселерінде болуға тиіс емес заттар — нитраттар жэне алколоидтар табылған.

Экологиялық кодекстің 199-бабында, табиғатты пайдаланушы өндіріс барысында жұмысты қоршаған ортаға немесе жұмыскерлердің денсаулығына зиян тимейтін әдістермен жүргізуге тиіс және ол үшін жауап беруге тиіс деп көрсетілген.

Көрсетілген заң бұзушылық дерегі бойынша, экологиялық қауіпті химиялық заттарды пайдалану барысында экологиялық талаптардың бұзылуы жаппай мал өліміне әкеліп соқтыру негізімен прокуратура Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 278-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тексеріс барысында прокуратураның нұсқауымен өкілетті орган — Нұра-Сарысу экологиялық департаменті Қарағанды мамандандырылған экономикалық сотына «Интеррин» ЖШС-нің Ақтау өндірістік бөлімінің жұмысын тоқтату туралы талап арыз жолдап, ол бүгінгі күнде сотта қаралуда.

Бұдан басқа, Қарағанды табиғат қорғау прокуратурасы «Интеррин» ЖШС -нің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіп, азаматтарға мал өлімі салдарынан келтірілген зиянды өтеу талап етілді.

Прокуратура тарапынан қолданылған шаралар нәтижесінде Ақтау кентінің 9 тұрғынына мал өлімінен келген залал — 949 мың теңге шығын «Интеррин» ЖШС-інің есебінен төленіп, азаматтардың заңды мүліктік құқықтары қорғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар