Қарағанды: Тасқыннан зардап шеккендерге салынған үйлер пайдалануға берілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды: Тасқыннан зардап шеккендерге салынған үйлер пайдалануға берілуде

Қарағанды: Тасқыннан зардап шеккендерге салынған үйлер пайдалануға берілуде

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің жұрттың қоныс тойын тойлаудан жуық арада қолы босамауы мүмкін. Өйткені аймақта су тасқынынан зардап шеккендерге арналып салынған үйлер пайдалануға беріліп жатыр. Ал жаңа баспанаға ие болған тұрғындардың барлығы да өңір басшысын үйлеріне қонаққа шақырып әлек.

  • 22 Тамыз 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz

Нұрмұхамбет Әбдібеков тек бүгіннің өзінде 4 үйден нан ауыз тиіп, ет жеді. Қоныс тойын Жұмабек ауылының тұрғындары осылай тойлады. Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында су тасқынынан бөгет бұзылып, 6 үй жермен-жексен болған еді. Шенеуніктердің сөзіне сенсек, жалпы облыста салынуға тиіс 350-ге жуық үйдің 50-і бой көтерген көрінеді. Құрылысқа қажетті қаржы Қарағандыға республикалық қазынадан тек тамыздың басында ғана келіп түскен еді. Жеделдетіп іске кіріскен құрылысшылар 20 күнде осыншама үйді көтеріп тастапты. Ал, барлық құрылыс жұмыстары қыркүйектің 15-не дейін бітеді деп уәде етті әкім. Айта кетейік, үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қазынадан әуелде айтылғандай 5 емес, 3 миллиард теңге бөлініпті.

Мария Коба, Жұмабек ауылының тұрғыны:

— Баспаналы болып жатқаныма сене алмай отырымын. Үй емес, қонақ үй сияқты ғой мынау! Өз-өзіме келе алар емеспін!

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар