Қарағанды тұрғыны банкке барып жалған доллар айырбастамақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды тұрғыны банкке барып жалған доллар айырбастамақ болған

Қарағанды тұрғыны банкке барып жалған доллар айырбастамақ болған

Қарағандыда банкке жалған доллар өткізбек болған әйел оқиғаның мән-жайы анықталғанша тұтқынға алынды.

  • 21 Маусым 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ішкі істер департаменті ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков мәлімдегендей, дүйсенбі күні 34 жастағы әйел «Қазкоммерцбанк» филиалының кассиріне айырбастау үшін 100 долларлық екі купюра берген.

«Долларды қолына алған кассир қағаз сапасының нашар екенін сезіп қалып, дабыл түймесін басқан. Күзетшілер клиентке келіп, полимция келгенше кетпеуді сұраған», — дейді ол.
Қазір полиция қызметкерлері әйел жалған ақшаны қайдан алғанын анықтауда. Тәркілеп алынған доллар қағаздары сараптамаға жіберілген.

Соңғы жаңалықтар