Жұртшылық Қарағандының №1 мешітінде өткен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің техникалық даму департаментінің директоры Ғабит Төлеубаевтың жаназасына қатысты. Қайғылы қазаға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры Бахтияр Қрықпышев келіп, қайғыға ортақтасты.
Сонымен қатар, бұл күні қаза тапқан эпипаж мүшелері — командир Валерий Клюшев, екінші ұшқыш Виктор Савельев және бортмеханик Василий Литвиновті туған-туыстары мен қарағандылықтар ақтық сапарға шығарып салды.