«Қарағанды-Балқаш» және «Астана-Қорғалжын» жолдарында көлік қозғалысы жанданды
«Қарағанды-Балқаш» және «Астана-Қорғалжын» жолдарында көлік қозғалысы жанданды. Сонымен қатар, басқа республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды. |
Алматы облысында 12 қаңтардан бері "Үшарал-Достық" жолының 0-184 шақырымы аралығында жол жабық.
Сонымен қатар кешеден бастап "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Үшарал-Шығыс Қазақстан обл. шекарасы" учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Шығыс Қазақстан облысында 15 қаңтардағы сағат 16.00 бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" жолының 15-191 шақырымындағы "Белоусовка а.-РФ шекарасы" аралығында да жол жабылды.
15 қаңтардағы сағат 12.30 бастап «Алматы-Өскемен" жолының 615-775 шақырымындағы "Алматы обл. шекарасы-Аягөз" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Ал бүгін осы өңірде сағат 09.45 бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" жолының 32-123 шақырымындағы "Предгорное-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
16 қаңтарда сағат 18.00 бері «Өскемен-Зырян-Катон Қарағай» жолының 174-337 шақырымындағы "Зырян-Катон-Қарағай" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Соынмен қатар бүгін осы уақытта "Семей-Новоалтайский-РФ" жолының 2-113 шақырымындағы "Семей-РФ шекарасы" аралығында да жол жабылды.
Қарағанды облысы бойынша 15 қаңтардағы сағат 12.30 бері "Қызылорда-Павлодар" жолының 433-749 шақырымындағы "Жезқазған-Атасу" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
16 қаңтардағы сағат 13.30 бастап "Екатеринбург-Алматы" жолының 1492-1858 шақырымындағы "Қарағанды-Балқаш" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. 16 қаңтарда сағат 17.20 шектеу алынды.
16 қаңтардағы сағат 13.30 бері "Қызылорда-Павлодар" жолының 992-1135 шақырымындағы "Қарағанды-Павлодар обл." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
16 қаңтардағы сағат 14.50 бастап «Екатеринбург-Алматы" жолының 1353-1444 шақырымындағы "Ақмола обл.-Теміртау қ." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
16 қаңтарда түстен кейін «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 17-320 шақырымындағы "Қарағанды-Шығыс Қазақстан обл" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Павлодар облысы бойынша, 16 қаңтардағы сағат 12.30 бастап боранға байланысты "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 205-259 шақырымдары - "Шідерті-Ақмола обл." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
16 қаңтардағы сағат 15.00 бастап "Қызылорда-Павлодар" а/ж 1135-1383 шақырыммдары - "Павлодар обл-Қарағанды обл." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
16 қаңтарда сағат 15.00 бері "Павлодар-Шербақты-РФ" жолының 79-112 шақырымындағы "Шарбақты-РФ" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
16 қаңтарда сағат 18.30 бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты "Ульяновский-Керней-Баянауыл-Майқайың-Қалқаман" жолының 93-324 шақырымындағы "Қалқаман-Қарағанды облысы" аралығында да көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.
Ақмола облысы өңірінде 16 қаңтарда сағат 14.40 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 16-205 шақырымындағы "Астана қ.-Павлодар обл" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Бұдан бөлек бүгін сағат 14.40 бастап қолайсыз ауа райына байланысты "Астана-Қорғалжын" а/ж 19-180 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын. Сағат 18.15 бастап бұл жол ашылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін