Қарағандыда 11 жастағы баланы туысқан әпкесі пышақтап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 11 жастағы баланы туысқан әпкесі пышақтап өлтірді

Қарағандыда 11 жастағы баланы туысқан әпкесі пышақтап өлтірді

Қарағандыда 20 жастағы келіншек өзінің 11 жастағы туыс інісін алдымен пышақтап, кейін буындырып өлтірген. Күдікті бұл қадамға ұрлығын жасыру үшін әдейі барғанын айтыпты.

  • 27 Қыркүйек 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz


11 жастағы Леон Серікбаевтың із түссіз жоғалғанына 2 күн болған. Ата анасы табандарынан таусылып іздегенімен бүгін баланың денесі күл қоқыс тастайтын шұңқырдан табылды. Сөйтсе, бала жоғалатын күні сол үйге ұры түсіп қымбат ішіктің қолды болғаны туралы отбасы полицияға арыз түсірген екен. Кейін тонды ұрлаған туысқан әпкесі ұрлыққа куә болған баланың көзін жойған. Қанышер келіншек баланы алдымен пышақтап кейін буындырып өлтіріпті. Енді қылмысы әшкере болып, тергеу абақтысына қамауға алынған келіншек қазір осылайша ағынан жарылып отыр.