Caravan Logo

Қарағандыда 1,5 жасар сәби отарбаның астына түсіп кетті

Қарағандыда 1,5 жасар сәби отарбаның астына түсіп кетті

Қайғылы оқиға 8-шілдеде кешкі сағат 10 шамасында Қарағанды қаласының іргесінде болды. Бала темір жолға таяу жерде көлігін жөндеп жатқан әкесінің жанында тұрса керек. Алайда жүк таситын электр отарба таяп келген сәтте әкесі баланың жоқ екенін байқайды. Сөйтсе, бала күтпеген жерден темір жолдың үстіне шыға келген. Баланы байқап қалған поезд жүргізушісі көлік тежегішін жан таласа басқанымен ешбір қайыр болмады. Өйткені, электр отарбаның тежегішті басқаннан кейінгі жол ұзындығы 400 метрден астам болғандықтан көлікті дер кезінде тоқтату мүмкін болмаған.

Бала жедел жәрдем қызметкерлері келмей тұрып қаза тапты.