Қарағандыда 25 тамызда "Біз қандаспыз" қайырымдылық акциясы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 25 тамызда "Біз қандаспыз" қайырымдылық акциясы басталады

Қарағандыда 25 тамызда "Біз қандаспыз" қайырымдылық акциясы басталады

Қарағанды. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда 2008 жылдың 25 тамызында АРТ телекомпаниясы облыстық қан құю орталығымен бірлесе отырып "Біз қандаспыз" қайырымдылық акциясын бастайды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне АРТ телекомпаниясының ақпараттық қызметінің жетекшісі Әлия Сыздықова хабарлады.

  • 22 Тамыз 2008
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Біз қандаспыз» акциясы донорларды тартуға бағытталған. Біз қоғам назарын қан жетіспеушілігі проблемасына аударғымыз келеді. Жақында сатып алған Қан банкін донорлардың жетіспеушілігіне байланысты толтыру мүмкін болмай отыр. Қарағанды облысында қан құюды күн сайын ондаған адам қажет етеді. Өмір бойы қан препараттарына мұқтаж адамдар бар. Олар гемофилиямен, онкологиялық аурулармен ауыратындар. Донор қаны хирургиялық операциялар кезінде, күйік шалған немесе дене жарақаттарын алған кезде қажет. Сондай-ақ, босану үстіндегі әйелдерге де қан құю жиі қажет болып жатады», — деп түсіндірді Ә. Сыздықова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар