Қарағандыда 47 жастағы ер адам тонау мақсатында дәріхана қызметкерін жарақаттаған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 47 жастағы ер адам тонау мақсатында дәріхана қызметкерін жарақаттаған

Қарағандыда 47 жастағы ер адам тонау мақсатында дәріхана қызметкерін жарақаттаған

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары барысында

  • 27 Тамыз 2015
  • 342
Фото - Caravan.kz


қарақшылық шабуыл фактісіне қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы қала тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ІІД-інің баспасөз қызметінен. 

19 маусымда белгісіз азамат қала көшелерінде орналасқан дәріханалардың біріне баса-көктеп кіріп, дәріхана қызметкеріне пышақпен дене жарақаттарын келтіріп, 26 мың теңге ақша алып, оқиға орнынан ізін суытқан.
26 тамыз күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы автотұрақтардың бірінде күзетші болып жұмыс істейтін 47 жастағы қала тұрғыны ұсталып, қарақшылық шабуыл жасағандығын мойындады.
Қазіргі уақытта ұсталған күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар тәркіленді. Ұсталған азаматтың бұрын сотты болғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар