«Екінші іздеу-құтқару шарасы Ұлытау ауданында өтті. 22 қаңтар күні 04:00 сағатта кезекші бөлімге ер адам xабарласып, адасып кеткенін айтқан. 1968 жылы туылған ер адам қыстақтан шығып, Жезді елді мекеніне бағыт алған. Алайда адасып кеткен. Құтқарушылар сол күні 08:55 минутта ер адамды қыстақтан 10 шақырым қашықтықтан тапты», — дейді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Оның айтуынша, құтқарылған адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, олар медициналық көмекке жүгінбеген.
«Балық аулауға шығарда, не болмаса үйден кетерде туғандарыңыз бен жақындарыңызға ескертуді ұмытпаңыз. Балық аулауға қай жаққа бара жатқаныңызды және қай уақытта қайтып оралуды жоспарлайтыңызды айтыңыз. Бұл ақпараттар қандай да бір жағдай орын алған уақытта көмегі тиеді», — дейді Жанна Дәуренбекова.