Қарағандыда 7 бала уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 7 бала уланып қалды

Қарағандыда 7 бала уланып қалды

Қарағанды облыстық инфекциялық клиникалық ауруханасына 10-нан 12 жасқа дейінгі 7 бала ішек инфекциясы күдігімен түсті, деп жазады 24.kz.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 333
Фото - Caravan.kz

Барлығы дамудағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №5 облыстық арнайы мектеп- интернатының оқушылары.  Ақ халаттылар екі баланы шығарды, қалғаны дәрігерлердің бақылауында.  Олардың жағдайы қанағаттанарлықтай деп бағаланды. Инфекциялық аурухананың бас дәрігері Зульфикар Әбілқасымов түсіндіргендей,  нақты диагноз бактериологиялық зерттеулерден кейін белгілі болмақ.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, ҚР ҚК 114 бабы 4 бөлімі бойынша сот алдындағы тергеу басталды.  Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар