Қарағандыда адамдарды Диснейлендке апарамын деп алдаған әйел сотта жауап беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда адамдарды Диснейлендке апарамын деп алдаған әйел сотта жауап беруде

Қарағандыда адамдарды Диснейлендке апарамын деп алдаған әйел сотта жауап беруде

Қарағанды облысында елдің ақшасын жымқырып, Америкаға қашпақ болған әйелге қатысты сот басталды. Теміртаулық Яна Есакова АҚШ-тағы Диснейленд паркіне жолдама алып беремін деп жүздеген мың долларды қалтаға басқан.

  • 31 Қазан 2015
  • 364
Фото - Caravan.kz

Елдің ақшасын жинап Диснейлендке әне-міне барасыңдар деп жүргенінен күдіктенгендер полицияға шағымданыпты. Сөйтсе, 60 мың доллар мен 30 мың еуроны шетелдегі шотына аударып үлгерген әйел мұхит асатын ұшаққа билет те алып қойған көрінеді. Сәл кешіксе жер сипап қалар едік дейді жәбірленушілер. Сөзіне иланған 30-ға тарта адамның 400 мың доллардан асатын қаражатын қолды қылған Есакова сотта кінәсін мойындамады. Ал зардап шеккен адамдар оның сыбайласы болған жұбайы әлі ұсталмады дейді.

Елена Баева, зардап шегуші:

-Күйеуі ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Ол да сотқа тартылуы керек еді. Ал Яна өзінен басқаның барлығын кінәлайді. Өзінікін мойындағысы жоқ. Дегенмен, сот анық-қанығына жетеді деп ойлаймын.    

Соңғы жаңалықтар