Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, дөңгелек үстелге әділет басқармасы , қаржы полициясы, ішкі істер басқармасы, кедендік басқарма, Қазақстан авторлық қоғамының, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар Қарағанды қаласы мен облысындағы автордың ешбір келісімінсіз түбегейлі реконструкциялау көрінісі белең алған маңызды сәулетшілік нысандарды сақтап қалуға, авторлар туындысын келісімсіз коммерциялық мақсатта өндірісте пайдалануға (атап айтсақ, өнімдерді өңдеу процессінде), оларды сондай-ақ, кафе, бар және мейрамханаларда (фильмдер прокаты, фонограмма қою), және гастрольдік шараларда (авторлар туындысын рұқсатсыз орындау) және басқа да салаларда пайдалануға қатысты алаңдаушылық білдірілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар авторлық және жапсарлас құқықтарды қорғау саласындағы, құқық иелерінің мүддесіне қайшы келетін аудио-, бейне- және баспахана өнімдерін елімізге заңсыз әкелу, заңсыз прокаттау, еселеп басу әрекеттерін әшкерелеу және оларға жол бермеу мәселесіне құқық қорғау органдары мен бақылаушы мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін жұмылдырып, өзара іс-қызметті үйлестіру қажеттігін атап көрсетті.
15-16-қазанда Қарағанды облыстық әділет басқармасының ұйымдастыруымен Қарағандыда санаткерлік меншік құқығын қорғау проблемаларын талқылауға арналған республикалық семинар өткізу межеленді.