Қарағандыда алаңдар мен саябақтарды абаттандыруға Т1,4 млрд теңге жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда алаңдар мен саябақтарды абаттандыруға Т1,4 млрд теңге жұмсалады

Қарағандыда алаңдар мен саябақтарды абаттандыруға Т1,4 млрд теңге жұмсалады

Қарағандыда биыл алаңдар мен саябақтарды абаттандыруға Т1,4 млрд бағытталады,деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 17 Маусым 2011
  • 832
Фото - Caravan.kz

«Облыс әкімі Серік Ахметов кеңес өткізіп, онда Қарағандыны абаттандыру жұмыстарының барысы қаралды. Қала әкімі Бауыржан Әбдішевтің баяндауынша, биыл абаттандыру бойынша жалпы сомасы Т1,4 млрд болатын 11 жоба жүзеге асырылады», — делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі жұма күні таратқан ақпаратта.

Бұл қаржыға 5 саябақ, 2 алаң және басқа да нысандар абаттандырылады. «Тәуелсіздік алаңын абаттандырудан басқа, жақын маңдағы 6 тұрғын үйдің қасбеттері, шатырлары жөнделіп, балкондарына терезе орнатылады». Вокзал маңындағы алаңда архитектуралық мүсіндерден басқа, Қаныш Сәтпаевтың ескерткіші орнатылады», — делінген хабарламада.

Бұдан басқа, биыл Қарағандыда Қазыбек би мен Қасым Аманжоловтың ескерткіштері орнатылады.

«Сондай-ақ, құрылысы жүріп жатқан Мұз сарайы, Бокс орталығы, Теннис орталығы сияқты спорт нысандарының айналасындағы аумақты абаттандыру жоспарланған. Абаттандыру жобасында жаңа ағаштар отырғызу, гүлзарлар құру, автосуару орнату, аумақты кешенді жарықтандыру жұмыстары қарастырылған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, жұмыстардың бәрі кесте бойынша жүргізіліп жатыр.

Қарағандыны абаттандыру бағдарламасы 2012 жылы жалғасын табады. Келесі жылы 27 нысанды Т2,6 млрд-тан аса сомаға абаттандыру жоспарланған.

«Шахтерлар даңғылында осы аттас аллея құрылады. «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінің аумағын қайта жөндеу қарастырылған. Жаңа Майқұдықтың мәдениет үйінің алдындағы саябақты абаттандыру көзделген», — деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, әкімдікте өткен кеңесте «Шахтер» футбол клубы мен «Сарыарқа» хоккей командасының оқу-жаттығу базасы орналастыру бойынша жобалық ұсыныстар таныстырылды.

«Облыс әкімі талқыланған мәселелер бойынша тапсырмалар берді. Ең алдымен, ол бөлінген қаржыны мақсатты пайдалану және жұмыстарды уақытында орындау керектігін айтты», — деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар