Қарағандыда алданған үлескерлердің қылмыстық ісін қаржы полициясы қарауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда алданған үлескерлердің қылмыстық ісін қаржы полициясы қарауда

Қарағандыда алданған үлескерлердің қылмыстық ісін қаржы полициясы қарауда

Қарағандыда үлескерлердің алдану фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр, деп облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінен хабарлады.

  • 10 Маусым 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Мамыр айының басында «Сервиспромснаб» ЖШС директоры Андрей Маляновқа «Бесоба» ТК үлестік құрылысын салу бойынша келісім шарттарын орындамау фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деді Қарағанды облысы бойынша ЭҚСЖҚКД тергеу басқармасының бастығы Елдос Сағиев жұма күнгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір 25 үлескер шағым түсірді. «Алдымен қылмыстық іс бір ғана шағым бойынша ашылған. Бір пәтер екі рет сатылыпты. Үлескерге келген шығын Т6,7 млн . Одан кейін прокуратураға «Бесоба» ТК 24 үлескері кәсіпорын басшылығының шарасыздығына шағым түсірді. Аталған шағымдар қаржы полициясына тапсырылды», — деді тергеу басқармасының бастығы.

Қаржы полициясының мәліметтерінше, қазір ЖШС директоры қашып жүр.

«Тергеу барысында анықталғандай, «Сервиспромснаб» ЖШС директоры 2007-2010-шы жылдар аралығында «Бесоба» тұрғынүй кешен құрылысына деп үлескерлерден ақшалай қаражат жинаған. Құрылысты аяқтамай ол қашып кеткен. Қазір осы ашылған қылмыстық іс аясында үлескерлердің жалпы саны мен келген шығын мөлшері анықталуда. Осыдан кейін процессуалдық шешім қабылданады», — деді Е. Сағиев.

Оның айтуынша, қаржы полициясы А. Малявинге қатысты сырттай айып тағып, оны «қамауға алу» туралы үкім шығармақшы. «Содан кейін оған іздеу жарияланады», — деді ЭҚСЖҚКД тергеу басқармасының бастығы.

«Үлескерлерге жасалған алаяқтыққа қатысы барлығына «Сервиспромснаб» ЖШС құрылтайшылары да тексерілуде», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар