Қарағандыда арнайы рейспен келген сарбаздарды күтіп алу жаппай карантин режимін бұзуға ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда арнайы рейспен келген сарбаздарды күтіп алу жаппай карантин режимін бұзуға ұласты

Қарағандыда арнайы рейспен келген сарбаздарды күтіп алу жаппай карантин режимін бұзуға ұласты

Қарағандыда Оңтүстік өңірде әскери борышын өтеп, арнайы рейспен келген сарбаздарды күтіп алу жаппай карантин режимін бұзуға ұласты. Түнде перронда пойыздың астына түсіп кетердей ентелеген жұрт нөпіріне төтеп беруге полицияның шамасы келмей қалған.

  • 22 Мамыр 2020
  • 63
Фото - Caravan.kz


Қарағанды вокзалына келіп тоқатаған пойыздағы 500 сарбазды күтіп алуға 1000-нан аса адам жиналған. Туған-туыс, дос-жарандары пойыз келер уақытта улардай шулап, вагондардың астына түсуге шақ қалған. Кезекшіліктегі бірлі-жарым полицей олардың жарақат алып қалмауын қадағалап, есі шыққан. Бетпердесіз, ығы-жығы халықтан карантин шараларын сақтауды сұрау тіпті жайына қалыпты. Ал осы дүрбелеңге жол беріп, күтіп алуды ұйымдастырмаған өңірлік штаб пен полиция қандай да бір түсініктеме беруден ат-тонын ала қашты.

Соңғы жаңалықтар