Қарағандыда әскери бөлімшелердің біріндегі "әлімжеттік" дерегіне қатысты сот мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда әскери бөлімшелердің біріндегі "әлімжеттік" дерегіне қатысты сот мәжілісі  басталды

Қарағандыда әскери бөлімшелердің біріндегі "әлімжеттік" дерегіне қатысты сот мәжілісі басталды

АЛМАТЫ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды қаласының әскери сотында әскери бөлімшелердің біріндегі "әлімжеттік" дерегі бойынша сот мәжілісі өтуде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының әскери прокуратурасынан хабарлады.

  • 14 Ақпан 2007
  • 404
Фото - Caravan.kz

Прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, «әлімжеттік» дерегі мен бір қатардағы жауынгерді өзіне-өзі қол жұмсауға мәжбүр етуге кінәлі деп төрт әскери қызметкер айыпталуда. «Олардың екеуі қамауға алынған, ал екеуі аталмыш әскери бөлім басшыларының бақылауында жүр»,- деп түсіндіреді мекемедегілер. Сотталушылар өз кінәларын мойындамай отыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 1-қарашасында 6506 әскери бөлімшесінде қарауыл қызметінде тұрған 19 жасар әскер Калашников автоматымен өзіне-өзі оқ атқан.

Тергеу барысында жаңа қабылданған әскерлерді ұруға қатысты 15 дерек және бір өзіне-өзі қол жұмсау дерегі анықталған. 7 әскери қызметін өтеушілер мен марқұм болған әскердің анасы жәбірленуші ретінде танылып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті