Қарағандыда атышулы Бесоба кешеніне қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда атышулы Бесоба кешеніне қатысты сот басталды

Қарағандыда атышулы Бесоба кешеніне қатысты сот басталды

Қарағандыда Бесоба тұрғын үй кешеніндегі үйдің құлауына кінәлі деп айыпталғандарға қатысты сот процесі басталды. Бірінші отырыста-ақ үйді қабылдағанда мемлекеттік комиссия төрағасы болған Виктор Ивановты адвокаты қолхатпен бостандыққа жіберуін сұрады.

  • 6 Қараша 2012
  • 331
Фото - Caravan.kz


Серік Алпысов, В. Ивановтың адвокаты:

Дайын нысанды қабылдау үшін 2 талап қойылады. Біріншісі, жұмысшы комиссияның қолдауы, екіншісі үйдің баспана болуға дайын деген тұжырымдамасы. Осы екеуі де болғасын комиссия төрағасы ретінде Иванов құжатқа қол қоймауға қақысы болған жоқ. Сондықтан Ивановтың сот процестері кезінде абақтыда болуын негізсіз деп санаймын. 

Алайда, прокуратура Иванов бастаған топ, сот процестері кезінде де темір торда болады дегенінен таймады. Қираған үй тұрғындарының көбі бұрынғы бастық бостандықта тайраңдап жүруіне қарсы болған. Ақыры адвокаттың өтінішін сот та қанағаттандырған жоқ. Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың сәуір айында Бесоба кешеніндегі 5 қабатты үй жермен жексен болып, жұрт далада қалған еді. Қылмыстық іс қозғалып, кезінде үйді қабылдаған мемлекеттік комиссия төрағасы Виктор Иванов пен бірге 5 адам темір торға тоғытылған-ды. Сот ұзаққа созылатын түрі бар. Себебі сот әлі жәбір көрген 120-дан аса адамды тыңдап шығуы қажет.

Соңғы жаңалықтар