Қарағандыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды

Қарағандыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды

Қарағандыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты мектептерде 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық білім беру департаментінен хабарлады.

  • 23 Желтоқсан 2004
  • 636
Фото - Caravan.kz

Департаменттің ақпаратына сәйкес, сабақты тоқтату туралы шешімді жергілікті білім беру бөлімдері қабылдаған. «Біз барлық білім беру бөлімдеріне алдағы үш тәулікте күн күрт суытады деген төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың хабарламасын телефонограмма арқылы таратып, абайлық шараларын қолдануды сұрадық. Өйткені бұл жерде әңгіме балалардың денсаулығы туралы болып отыр ғой»,- деді департамент маманы Ольга Киселева.

Ауа райын бақылау орталығының ақпараты бойынша 23-желтоқсанда Қарағандыда сынап бағанасы 30-35 градусқа дейін аязды көрсетеді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма осыған байланысты азаматтардан абай болуды сұрайды.

Перейти к новостям спорта