«Ақпараттық қамсыздандыру бөлімінде бағдарламашы болып жұмыс істейтін қызметкер алаяқтықпен айналысып, әуежайға тиесілі 3 млн теңгені жымқырғаны үшін үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды», — деп дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сот кеңсесінен хабарлады.
Бағдарламашы маманның ұрланған қаржыны қайтарып, әуежай әкімшілігімен келісімге келгенін ескерген сот шартты жазамен шектелді.