Бүгін, 25-қаңтарда Қарағанды облысында күн райының шұғыл бұзылатындығы туралы ескерту жарияланды. Күн райын болжаушылардың мәліметіне сүйенсек, алдағы екі күнде облыста солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жетіп, сынап бағанасы облыстық солтүстік бөлігінде 36, ал облыстың орталық бөлігі мен Қарағандыда 33-35 грдусқа дейін аязды көрсетеді .