Қарағандыда балабақша иесінің үстінен 22 қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда балабақша иесінің үстінен 22 қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда балабақша иесінің үстінен 22 қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда жекеменшік балабақшалардың  иесі алаяқтық жасады деп күтіктелуде. Оның үстінен 22 қылмыстық іс қозғалды.

  • 11 Маусым 2018
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат Е.karaganda сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зардап шегушілердің сөзінше, балабақшаларға иелік ететін әйел бір нұсқаны қолданған: ата-аналардан әртүрлі сылтаумен қарызға ақша алып,оларды қайтармаған.

«Менің балам «Ромашка» жекеменшік балабақшасына барған. Онда бара бастаған алғашқы күні-ақ бізге мекеме иесі Анна Богатова хабарласып, үлкен соманы — 900 мың теңге қарызға сұрады. Бізде мұндай ақша болды. Оны бір шартпен беруге келістік: баламыз 6 жасқа толғанға дейін аталмыш балабақшаға тегін барады, ал қарызын үш айдың ішінде қайтаратын болды. Қолғаты да бар. Бұл мерзім өтіп кетті. Қазір анықталып отырғаны — ол иелік еткен бірнеше балабақша жабылып қалған. Нақты айтқанда, олардың барлығы сатылып кеткен. Әйел банкрот болған. Қарыз алған адамдарының саны 20-дан астам екен. Біз полицияға арыз жаздық», — деді Татьяна есімді әйел.

Ал Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті «Ромашка» ЖШС директорының үстінен 22 қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

«Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің өндірісінде бірқатар қылмыстық іс (22) бар. Олар алаяқтық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша «Ромашка» ЖШС директоры А.М.Богатованың үстінен қозғалған және олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелген. Қазіргі уақытта А.М. Богатоваға үйқамаққа алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы Қазыбек аудандық сотына өтінімхат жолданды. Іс бойынша тергеу жалғасуда», — деп атап өтті ІІД-ден.

Өз кезегінде қалалық Білім басқармасы «Ромашка» ЖШС-мен келісімшарттар жасаспағанын айтуда. Сол себепті жағдайға араласуға құқығы жоқ.


Оқи отырыңыз:

Мың айдан да ардақты — Қадір түні

"Екі бала тусам деп армандаймын" — Сәуле Әбілдаханқызы

Қазақстандықтар бензинге 600 млрд теңге жұмсаған
 

 

 

Соңғы жаңалықтар