Қарағандыда балалар үйінен шетелдік азаматтарға балаларды асырап алуға мүмкіндік беру үшін жалған құжаттар жасалған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда балалар үйінен шетелдік азаматтарға балаларды асырап алуға мүмкіндік беру үшін жалған құжаттар жасалған

Қарағандыда балалар үйінен шетелдік азаматтарға балаларды асырап алуға мүмкіндік беру үшін жалған құжаттар жасалған

Қарағанды облысының прокуратурасы Қарағандының екі балалар үйінен балаларды асырап алу жөніндегі заңдардың бұзушылығын анықтаған.

  • 8 Шiлде 2011
  • 551
Фото - Caravan.kz

«Облыстың прокуратурасы тексеру жүргізген, оның барысында қазақстандықтардың бала асырап алудағы басымдық құқықтарының бұзылғандығы анықталған. Анықталған фактілерге қарағанда, балалар үйлерінің бас дәрігерлері шетелдік азаматтардың бала асырап алу жөніндегі азаматтық істері қаралған кезінде сотқа «асырап алынбақ бала алдында Қазақстан азаматына ұсынылған», деп жалған анықтамалар берумен айналысқан», деп хабарлады Қарағандыда баспасөз мәслихатында облыс прокурорының аға көмекшісі Рауза Әшімова.

Оның түсіндіруінше, заңға сәйкес балаларды Қазақстан азаматтарының асырап алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана балаларды шетелдік азаматтарға асырап алуға рұқсат берілген.
«Ал шын мәнінде қазақстандық азаматтарға асырап алуға ұсыныс жасалған да жоқ», деді ол.
Прокуратураның мәліметтеріне қарағанда, 2007 мен 2010 жылдар аралығында шетелдік азаматтарға бұл үйлерден асырап алуға 610 бала берілген.
Прокуратураның ұсынысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылған. «Ботагөз» балалар үйінің директоры тәртіптік жауапқа тартылған, «Шапағат» балалар үйінің жетекшісі қызметінен босатылды, деді ол.

Соңғы жаңалықтар