Сәрсенбі күні банктен 9,5 млн теңге алып шыққан кәсіпкер тасада аңдып тұрған төртеудің қармағына іліккен.
Облыстық ІІД тіл басқармасы бастығы Жаңатай Сембековтың айтуынша, «олар кәсіпкерді көлікке отырғызып, далалыққа алып барған». Содан соң «ақшасы мен ұялы телефонын тартып алып, өзін қоя берген» көрінеді.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздеу жүріп жатыр.