Жарияланды: 310

Қарағандыда «Бесобаға» қатысты тағы бір қылмыстық іс сотқа жіберілді

Қарағандыда «Бесоба» ТК бойынша, облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы бастығы Александр Воробьевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасынан хабарлады. «А. Воробьевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бүгін біз материалдарды тапсырамыз», - деп хабарлады арнайы прокурорлар басқармасынан. Облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы басшысы А. Воробьев ҚР ҚК-нің 307 бабы, 4 бөлімі бойынша (Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызмет бабын асыра пайдалану) айыпталуда. Тексеру амалдарының материалдарына сәйкес, бұл істе 350 адам жәбірленуші деп танылды. Олар - «Бесоба» үйінің тұрғындары мен салынып бітпеген екі үйдің үлескерлері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін