Қарағандыда «Бесобаға» қатысты тағы бір қылмыстық іс сотқа жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда «Бесобаға» қатысты тағы бір қылмыстық іс сотқа жіберілді

Қарағандыда «Бесобаға» қатысты тағы бір қылмыстық іс сотқа жіберілді

Қарағандыда «Бесоба» ТК бойынша, облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы бастығы Александр Воробьевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

  • 28 Қараша 2012
  • 297
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасынан хабарлады.

«А. Воробьевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бүгін біз материалдарды тапсырамыз», — деп хабарлады арнайы прокурорлар басқармасынан.

Облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы басшысы А. Воробьев ҚР ҚК-нің 307 бабы, 4 бөлімі бойынша (Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызмет бабын асыра пайдалану) айыпталуда.

Тексеру амалдарының материалдарына сәйкес, бұл істе 350 адам жәбірленуші деп танылды. Олар — «Бесоба» үйінің тұрғындары мен салынып бітпеген екі үйдің үлескерлері.