Қарағандыда бір әйел дүкенде емізулі баласын тастап кетті
Қарағандыда ауылдан келген әйел "баратын жерім жоқ" деген сылтаумен дүкен сатушысына емізулі баласын тастап кетіпті, деп облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. |
«Дүкендегі сатушы түнгі аусымда тұрғанында белгісіз әйел оған өзінің емізулі 8-9 айлық баласын тастап кеткенін айтты. Тастанды баланы бөбектер үйіне өткізді. Қылмыстық полиция қызметкерлері сәбидің анасын анықтады. Ол Осакаровка селосының жұмыссыз 28 жасар әйелі екен», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Әйелдің айтуынша, түнде оның баратын жері болмаған, ал таңертең ол баласын алып кетпекші болған.
«Әйелдің өзімен бірге жеке куәлігі болмапты. Сәби бөбектер үйінде құжаттандырылғанша болады», - деді облыстық ІІД қызметкерлері.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін