Қарағандыда бір әйел дүкенде емізулі баласын тастап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бір әйел дүкенде емізулі баласын тастап кетті

Қарағандыда бір әйел дүкенде емізулі баласын тастап кетті

Қарағандыда ауылдан келген әйел "баратын жерім жоқ" деген сылтаумен дүкен сатушысына емізулі баласын тастап кетіпті, деп облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Шiлде 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Дүкендегі сатушы түнгі аусымда тұрғанында белгісіз әйел оған өзінің емізулі 8-9 айлық баласын тастап кеткенін айтты. Тастанды баланы бөбектер үйіне өткізді. Қылмыстық полиция қызметкерлері сәбидің анасын анықтады. Ол Осакаровка селосының жұмыссыз 28 жасар әйелі екен», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Әйелдің айтуынша, түнде оның баратын жері болмаған, ал таңертең ол баласын алып кетпекші болған.

«Әйелдің өзімен бірге жеке куәлігі болмапты. Сәби бөбектер үйінде құжаттандырылғанша болады», — деді облыстық ІІД қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар