Қарағандыда бір ер адам үсіп өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бір ер адам үсіп өлді

Қарағандыда бір ер адам үсіп өлді

Қарағандыда бір ер адам үсіп өлді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 373
Фото - Caravan.kz

Үсіну белгілерімен далада жығылып жатқан адамды жүргіншілер тауып алған. Олардың шақыруымен оқиға орнына келген жедел жәрдем тобы әлгі адамның ағзасы жаппай үсікке шалдығып, қолдары мен аяқтары мұздап қалғанын жеткізді. Жедел жәрдем көлігімен Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілген әлгі адам есін жинамастан қаза болды. Жедел жәрдем қызметінің ақпаратына сәйкес, сол күні Мақажанов атындағы ауруханаға үшінші дәрежелі үсікке шалдыққан тағы бір адам жеткізілген. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланғанымен, өміріне төнген қауіп бұлты сейілді.

Күн райын болжау орталығының мәліметіне сүйенсек, Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысында бұл күндері сынап бағанасы түнде 25-28 градус, ал күндіз 15-16 градус аязды тұрақты көрсетіп тұр.

Соңғы жаңалықтар