Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, 13-қаңтарда Қарағанды қаласы Михайлов аудандық полиция бөліміне бір жеке меншік фирманың есепшісі арыз берген. Әйелдің мәлімдеуінше, белгісіз бір қылмыскерлер өзі жоқ кезде пәтерге кіріп, жиған-терген 20 млн. теңгесі мен 800 мың теңгеге бағаланатын отбасылық бағалы алтын-күміс бұйымдары бар сейфті қолды болдырған.
Бұл дерек бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде.