Қарағандыда бір үйде болған өртті сөндірген кезде қаза тапқан екі адамның мәйіті табылды, бір адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бір  үйде болған өртті сөндірген кезде қаза тапқан екі адамның мәйіті табылды, бір адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

Қарағандыда бір үйде болған өртті сөндірген кезде қаза тапқан екі адамның мәйіті табылды, бір адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

ҚАРАҒАНДЫ. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Қарағандыда бір қабытты , екі пәтерлі үйде болған өртті сөндірген кезде қаза тапқан екі адамның мәйіті табылды, бір адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облыстық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Сәуiр 2007
  • 503
Фото - Caravan.kz

Департамент ақпаратына сәйкес, өрт туралы хабарлама диспетчердің пультіне сенбі күні таңертең келіп түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 50 шаршы метр жерді шарпыған жалынды бір жарым сағатта ауыздықтады.

Өртті сөндірген кезде ол жерден пәтер қожайыны — 35 жастағы еркек пен белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Сонымен бірге пәтерден күйікке шалдықпаған, бірақ, басынан жараланып, қол-аяқтары сынған тағы бір ер адам табылды. Ол тірі қалған. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Қазір осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті