Қарағандыда бірден үш дәмхана отқа оранды - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бірден үш дәмхана отқа оранды - видео

Қарағандыда бірден үш дәмхана отқа оранды - видео

Өрт аумағы 500 шаршы метрді құрады.

  • 28 Ақпан 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Қарағандының өрт сөндірушілері жексенбіден дүйсенбіге қараған түні "Алтын Арба" базарындағы ірі өртті сөндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Sputnik.kz-ке сілтеме  жасап. 

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы хабар сағат 01:30-да түскен. "Алтын Арба" базарының аумағындағы үш дәмханада ағаш қаптама, жиһаз, жабдықтар мен ас үй керек-жарақтары отқа оранды. Өрттің жалпы ауданы 500 шаршы метр.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт 01:52-де департаменттің 52 қызметкерінің күшімен жойылды. Он бес техника қолданылған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.