Жаттығулар барысында босқындарға арнап шатыр қалалар құру және оның жұмыс істеуіне жағдай жасау, қайырымдылық көмектер жеткізу, босқындар қалашығын азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеттері жүзеге асырылады.
Оқу-жаттығулардың жетекшісі, подполковник Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, «Азияның оңтүстік бөлігіндегі шиеленісті ахуалға және лаңкестік қауіптің арта түсуіне байланысты еліміздің шекаралық аймақтарында көші-қон күшейе түсуде». Оқу-жаттығуларын өткізушілер басқарушы мекемелер, эвакуациялық комиссиялар мен басқа да қызметтердің босқындарды қабылдау және оларды орналастыруға әзірлік деңгейін тексермек ниетте.
Оқу-жаттығулар үш күнге созылады.