Жарияланды: 800

Қарағандыда бюджет саласының 15 жас отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды

Қарағандыда жаңа салынған көпқабатты үйден бюджет саласының 15 жас отбасы баспана алды, деп Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мұндай қуанышты оқиғаның ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында өтіп жатқаны баршамыз үшін өте маңызды. Бұл мерейлі мерейтойды біз тек той тойлаумен ғана емес, нақты істермен, оның ішінде тұрғын үй құрылысында да жақсы жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Жаңа үй сіздер үшін жайлы әрі ыңғайлы болады деген сенімдеміз, - деді аймақ басшысы Серік Ахметов қоныс иелеріне жұма күні кілт тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде. Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, жаңа үйде барлығы жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын 108 пәтер тапсырылды. «Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрғындар үшін қолжетімді әрі сапалы баспана – біздің мемлекетіміздің аса маңызды басымдықтарының бірі болып қала беретіндігін үнемі айтып келеді», - деді облыс әкімі салтанатты рәсімде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қарағанды облысында еліміздің басқа өңірлеріндегідей халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыруды дамытумен қатар тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын топтарына арналған тұрғын үй құрылысына да үлкен көңіл бөлінеді. Соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, бюджеттік мекеме қызметкерлері дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилер аталмыш санатқа кіреді. Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, тек соңғы 5 айда 115 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспарға 106% және өткен жылдың сәйкес кезеңіне 124% құрайды. Бұл ретте Ермеков көшесінің бойындағы жалпы аумағы 12,6 мың шаршы метр жерді алып жатқан 198 пәтерлік үйді де атауға болады. Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, несиелік баспана бағдарламасы үшін үй құрылысына бюджеттен Т713 млн қаражат бөлінген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін