Қарағандыда дала көркі - бұланды атқан браконьерлер ұсталды
|
Қарағанды облысында дала көркі-бұланды атқан броконьерлер ұсталды. Табиғат қаскөйлері мінген көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары мүшеленген жануар еті мен сайланған оқ дәрілерді тәркіледі.
Жазық даладан жөңкіп келе жатқан көлік полицейлердің күдігін туғызған. Тоқтатып, тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан бұланның мүшеленген еті бірден көзге түсіпті. Онымен қоймай тәртіп сақшылары көліктен оқ дәрісі сайланған үш мылтық тәркіледі. Оның бірі-шетелдік винтовка. Қазір заңсыз аңшылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлері дәлелденсе заңсыз аңшылар ірі айыппұл төлейді немесе 2 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін