Қарағандыда далалық өрттермен күресуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда далалық өрттермен күресуде

Қарағандыда далалық өрттермен күресуде

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағандыда далалық өрттермен күресуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қыркүйек 2006
  • 397
Фото - Caravan.kz



Мекеме ақпаратына сәйкес, 4-қыркүйекте 17 сағат 59 минутта Шет ауданының Ақой ауылында 7 мың гектар аумақты шарпыған өрт шықты. Ертеңінде 7 сағат 45 минутта өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге 20 адам мен 2 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 арнаулы техникасы жұмылдырылды. Облыстың тағы осы ауданындағы Ағадыр ауылында 5-қыркүйекте 11 сағат 30 минутта 1000 гектар аумақты шарпыған далалық өрт шықты. Оның ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 арнаулы техникасы тартылды.

Сонымен бірге 4-қыркүйекте 12 сағат 37 минутта Қарқаралы ауданында, Темірші ауылдық округінің Татан ауылынан шығысқа қарай 35 шақырымда тағы далалық өрт шықты. Өрт 300 гектар аумақты шарпыды. Оның сөндіруге 30 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Перейти к новостям спорта