Қарағандыда дені сау баланы есі ауысқандарды емдейтін емханаға тапсыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда дені сау баланы есі ауысқандарды емдейтін емханаға  тапсыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда дені сау баланы есі ауысқандарды емдейтін емханаға тапсыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ҚАРАҒАНДЫ. 7-тамыз. Kazakhstan Today. ҰҚК-нің Қарағанды облыстық департаменті балалар үйінде тәрбиеленетін дені сау баланы Теміртаудағы есі ауысқандарды емдейтін емханаға тапсыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Тамыз 2006
  • 402
Фото - Caravan.kz



«Облыстағы түрлі балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда балалар құқығына қатысты заңнаманың сақталу шараларын жүзеге асыру барысында кәмелеттік жасқа толмаған Г. есімді қызды Қарағанды облыстық білім беру департаментінің бір лауазым иесінің бұйрығымен Теміртаудағы есі ауысқандарды емдейтін емханаға орналастыру дерегінің беті ашылды»,- делінген хабарламада.

Кешенді тексеру барысында бұл дерек расталды. Амбулаториялық сот психологиялық — психиатриялық сараптама нәтижесінде Г. есімді қыздың жүйке жүйесі ауруларымен ауырмағаны анықталды.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД ҚР Қылмыстық кодексінің «есі ауысқандарды емдейтін емханаға заңсыз жатқызу» жөніндегі 127-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізе бастады.

Перейти к новостям спорта