Қарағандының Пришахтинск шағын ауданында орналасқан «Әмбебап» дүкені өткен түні сағат 3.00 шамасында өртенген. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, дүкеннің 15 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Үйден 40 адам эвакуацияланған, оның ішінде 7 бала бар.
«Әмбебап» дүкенінде өрт шыққаны жайлы ақпарат түнгі 3.31-де түсті. Өртті сөндіруге 6 техника мен 27 адам жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 3.59-да ауыздықталып, 4.15-те толықтай сөндірілді. Ол жерден ер адамның мәйіті табылды», — дейді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.
Қазіргі уақытта өрттің не себепті шыққаны және қаза болған ер адамның кім екендігі анықталып жатыр.