Caravan Logo

Қарағандыда «Электроника әлемі» сауда үйі өртенді

Қарағандыда «Электроника әлемі» сауда үйі өртенді

«10 қараша сағат 05.49-да Қарағандының Құрылысшылар даңғылында орналасқан «Электроника әлемі» ЖШС-нің дүкенінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі ТЖ орнына жеткенде 1800 шаршы метр аумақта ғимараттың конструкциясы, сауда үйінің электрлі тұрмыстық техникасы мен кеңсе жиһаздары отқа оранып жатты. Тілсіз жау сағат 08.50-де сөндірілді», - делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

Жалынды ауыздықтауға Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 27 техникасы мен 95 адамы жұмылдырылды.

ТЖД-нің берген мәліметтеріне сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталуда.