Полиция мәліметінше, оқиға қаладағы «Сити Мол» сауда үйінде болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
Полиция қызметкерлері жүйке жүйесінде ақауы бар 31 жастағы тұрғынды анықтап, оны психоневрологиялық диспансерге орналастырды», — делінген полиция хабарламасында.