Қарағандыда екі адамның қай аурудан көз жұмғаны әлі анықталған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда екі адамның қай аурудан көз жұмғаны әлі анықталған жоқ

Қарағандыда екі адамның қай аурудан көз жұмғаны әлі анықталған жоқ

 

  • 21 Маусым 2016
  • 320
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қарағанды ауруханасында екі адамның көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алты адам түскен. Иә, қазір екі азамат қайтыс болды. Қалған төрт адамға емдеу жүргізіп жатырмыз. Біреуі Қарағанды облыстық ауруханасында, үшеуі Шет аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Біз медициналық мекемелерге келген азаматтарға қажетті емдомның барлығын жасап жатырмыз. Бұл, енді, сібір язвасының ауруы ма, басқа ауру ма, оны білесіздер, санэпид служба анықтайды. Сондықтан қазір санэпид служба өзінің қажетті зерттеулерін жүргізіп жатыр. Сол служба анықтағаннан кейін ұлттық экономика министрлігі бұл жөнінде өз мәлімдемесін жасайды», — деп атап көрсетті Т.Дүйсенова.

Айта кетейік, бұған дейін сібір жарасы бар деген күдікпен бес адамның ауруханаға түскені жайында ақпарат болған. Ауруханаға түскен азаматтардың барлығы – Қарағанды облысының Шет ауданы Еркіндік ауылының тұрғындары. Олар сібір жарасын жұқтырды деген күдік бар. Себебі барлығы ауруханаға түскенге дейін мал сойған.


Соңғы жаңалықтар